Қазақстанның балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин елдегі балалар үйін жабуын қалайтынын айтты. Бұл туралы ойын ол жүрналист Вадим Борейкоға берген сұхбатында бөлісті, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Сұхбат барысында балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Саин нақты мәселелердің шешімімен айналыспақ.
«Бізде жүйелік проблемалар бар және бірнеше бағытта олар маңызды әрі терең. Осы жүйелік мәселелерді шешіп, жаһандық өзгерістерге қол жеткізу мүмкіндігін иеленгім келеді. Мен бұл қызметке келіскенімде, мемлекет басшылығымен сөйлесіп: «Міне, бейшара балалар бар, оларды анықтап, аяңыздар», – деген оймен келгім келмейтінін айттым.
Аружан Саинның пікірінше, ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар балалар үйі мен мекемелерінде өмір сүрмеуі керек.
«Ата-анасыз қалған әр баланы полицейлер қоқыстан немесе вокзалдан тауып алып жатады. Мұндай жағдайлар бізде сирек кездеспейді. Анасы көз жұмған, туыстары жоқ. Баланы бейәлеуметтік отбасынан алды – ол мемлекеттік мекемеге емес, кәсіби отбасыға орналастырылуы керек. Мұндай отбасылар мемлекетке жұмыс істейді және мемлекет баланың мәртебесін анықтап, туыстарын тауып, мүмкін болса, оны биологиялық отбасына қайтару үшін шаралар қабылдамайынша немесе ол балаға асырап алатын тұрақты отбасын таңдамайынша, біраз уақыт көлемінде аптасына 7 күн, тәулігіне 24 сағат бойы қарайды. Бала балалар үйінде өмір сүрмейтін болады. Бізде балалар үйі және шетелден асырап алу жағдайы болмайды», – дейді жоспарларымен бөліскен Аружан Саин.