Бүгін Түркістан облысы Түлкібас аудандық Ардагерлер саябағында ҚР Парламенті Мәжілісіне депутаттығына үміткер — Құдайберген Ержан Төлепұлы ауыл ардагерлерімен партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.
Жиын барысында ауыл ақсақалдар, ардагерлер, қоғамдық Кеңес мүшелері өз тараптарынан үміткерге аудандағы өзекті деген мәселелерді көтеріп, қолға алуын сұрады.
Үміткер тиісінше айтылған ұсыныстарды назарда ұстап, орындауға ықпал жасайтындығын айтты.
Түлкібас ауданының ардагерлері «Nur Otan» партиясын қолдайтындарын жеткізді.
Сайлауалды үгіт-насихат бағытындағы материалдар «Nur Otan» партиясы Түркістан облысы Түлкібас аудандық филиалының сайлау қорынан төленеді.