Желіде Айгүл Иманбаеваның қара нәсілді жігітпен жабысып отырған суреті жария болды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі.
Қазақстандық әнші Айгүл Иманбаева Instagram желісіндегі парақшасында қара нәсілді жігітпен түскен суретін салып, жұртты шулатты. Суретте әнші мен әлгі жігіттің ұшқышта отырғанын байқауға болады.
«Өте талантты жігіт Сержбен.Ұшақтағы кездесу. Нұр-Сұлтан-Өскемен» , – деп жазып қойған эстарада жұлдызы суреттің астына.
Бұны көрген оқырмандар түрлі пікір қалдырып, әншіні ұрысқандары да бар.
«Ғашықпын демеңізші» , «Онымен түскеніңіз мақтаныш па?» , «Бұл жігіттің билегені де, өлең айтқаны да керемет» , «Өте өнерлі азамат» , «Соңы қалай болды екен?» , «Неге оның қасына отырып алған?», «Ел алдында жүрген соң, әр нәрсені ойланып салғаныңыз дұрыс» , – деп жазуда көпшілік.