Қарағандыда бір жарым жасар қыз бес инені жұтып қойған. Оған ота жасалды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.
Кішкентай қыз ине терапиясына арналған инелерді жұтып қойған. Оның мазасызданған жағдайын көрген ата-ана қызды ауруханаға жеткізген. Дәрігерлер шұғыл түрде ота жасаған.
Үш ине сәбидің асқазанынан және тағы екеуі аш ішегінен шыққан. Ота сәтті аяқталды, ал бір жарым жасар қыз ауруханадан шықты, дейді телеарна.
Дәрігерлердің сөзінше, биылдыққа асқазаннан инені алу операциясы екінші рет жасалып отыр екен. Бұған дейін дәрігерлер тігін инесін байқамай жұтып қойған 14 жастағы қызға ота жасаған.