Ақтөбе облысында қар құрсауында қалып қойған көлікте бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
«Алдын ала ақпарат бойынша ер азамат 1956 жылы дүниеге келген. Белгілі болғандай ол Ресей Федерациясының Тюмень қаласынан Тәжікістанның Ходжан қаласына жұмыстан қайтып бара жатқан. Қайғылы оқиға «Самара-Шымкент» автожолының 965 шақырымында, Ақтөбе облысындағы Қарабұтақ елді мекенінің жанында орын алды. Қазіргі таңда оқыс оқиғаның нақты себептері анықталуда», – делінген хабарламада.
«Қазавтожол» серіктестігінің хабарынша, кеше Ақтөбе облысында ауа-райының күрт өзгеруі мен қалың қар жауғандықтан аталмыш автожолдың 964-1240 км учаскесінде автокөліктердің қозғалысына уақытша шектеулер қойылған болатын.