Ақтаулық компания ескертусіз 300-ге жуық қызметкерді жұмыссыз қалдырды

Ақтауда «Қала жолдары» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының 297 қарапайым қызметкері жұмыссыз қалды, деп хабарлайды Neonomad.kz Lada.kz сайтына сілтеме жасап. 

Жолдарды бақылау бойынша тендер ұтып алған кәсіпорын оларды жұмысқа қабылдаймыз деп сөз берген.

Бірақ таңертең қызметіне келген жұмысшылар, ол жерде басқа істемейтінін сол кезде білген.

«Неге бізге алдын ала ескерті жасамаған. Соншама адам жұмыссыз қалды. Олардың кредиті бар, отбасыларын бағу керек. Көбісі бір жылдан соң зейнетке шығады. Ал біз қайда барамыз?», – деген Махмұт Ходжаев көптің көкейіндегі сұрақтарды көтерді.

Өздерінің сұрақтарына жауап алу үшін жұмыссыз қалған ұйым «Қала жолдары» кәсіпорнының алдына жиналды. Жиналғандармен Ақтау әкімі Ғалымжан Ниязов, сонымен қатар, «Қала жолы» МКК мен тендерды ұтып алған «Рэп» ЖШС өкілдерді кездесті.

«Біз тендерге қатыстық, бірақ жеңілдік, өйткені «РЭП» ЖШС қарағанда біз сомманы шамалы көп көрсеткенбіз. Біздің ұйымда 297 адам бар. Қала әкімі және «РЭП» ЖШС директорымен жүргізілген келіссөздерден соң біздегі 220 адам сол серіктестікке жұмысқа қабылданылатын болды. Ал біз болсақ қосалқы мердігер, аталған компанияға транспорттық қызмет көрсетеміз. 70-ке жуық жүргізуші бізде қалатын болды», – деді «Қала жолдары» МКК директоры Қайрат Хайрошев.

«Рэп» ЖШС 300 млн теңгеге тендер ұтып алған. Бұл қаражат қалалық жолдар мен жол белгілерімен қамтамасыз етуге жұмсалатын болады.

«Мен сегіз жылдай «Қала жолдары» МКК жұмыс жасадым. Тәжірибем бар. Барлық қызметкерлерді өзімнің кәсіпорныма қабылдауға дайынмын. Жұмыс жағдайында еш өзгеріс болмайды. Жалақы, демалыс, зейнетақы жарналары, барлығы сол қалыпты қалады», – деді «РЭП» ЖШС директоры Абай Қожабаев.

Загрузка...

ҰқсасЖаңалықтар

Келесі жаңалық

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР