Алматы маңында болған әуе апатында ұшақ қирандыларынан сәбиді аман алып шыққан полицей оқиғаның мән-жайын айтып берді, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Басында біз әріптесіміз екеуіміз дем алмай жатқан адамдарды шығардық. Өздеріңіз көргендей, оқиға орнында полицейлер, құтқарушылар мен медициналық қызметкерлер де болды. Ұшақты айналып шығып, жеке үйге қарай бет алдық. Онда ашық түрде аяғы сынған әйел жатты. Ол жыламады. Бәлкім шок алғаннан шығар. Кеудесінде сәби жатты, анасы сол қолымен қысып ұстаған, ал оң қолы жараланған. Қазақша сөйледім, баланы алып, жедел жәрдемге тапсыратынымды түсіндірдім», – деді Жақсылық Сұлтанов.
Ол баланы аман алып қалу үшін, дереу дәрігерлердің көмегіне жүгіргенін айтты.
«Ол көзім жұмып ашып, келісім берді, осыдан кейін әйел жылап жіберді. Қанша айлық екенін білмеймін, бірақ дауысы тым әлсіз еді. Өзімнің де бір жасар қызым бар. Бұл бала менің қызымнан әлдеқайда кіші», – полиция қызметкері.
Еске сала кетсек, 27 желтоқсан күні Bek Air әуекомпаниясының ұшағы (Z9-2100) Алматыдан елордаға ұшуы керек болған. Бірақ Қызыл ту ауылы маңында апатқа ұшыраған. Ұшақтың үшініде 95 жолаушы болған.
Кейін ұшақ апатынан 12 адам қаза тапқаны белгілі болды.
Қасым-Жомарт Тоқаев ұшақ апатына қатысты кінәлілер заңға сәйкес жазаланылатынын айтты.
Сонымен қатар, ұшақ апатынан қайтыс болғандардың арасында Генералдар кеңесінің төрағасы Рустем Хайдаров та бар.
Өкінішке орай, тағы бір танымал адам көз жұмды. Informburo.kz ақпараттық сайтының редакторы Дана Круглова да осы ұшақта болған. Әріптестері журналистің қаза тапқанын растады. Толығырақ оқыңыз.