Алматы қаласында 26 қазан күні өткен бокс кешінде Қанат Ислам өзінің қарсыласы Уолтер Каутондовканы тізе бүктіріп, белбеуін қорғап қалды, деп хабарлайды Neonomad.kz тілшісі.
Сондай-ақ, аталған кештің андеркартында жартылай жеңіл салмақта өзбекстандық Бексұлтан Раушанов пен румыниялық Александр Ионита, бірінші жартылай орташа салмақта Дәулет Дәукенов пен молдовалық Иван Петров, супер ауыр салмақта Нұрсұлтан Аманжолов пен польшалық Михаил Банбула, бірінші жартылай орта салмақта Асқар Ерубен пен украиналық Владислав Баранов бақ сынады.
Жеңіске жеткен Қанат Ислам бірінші орташа салмақтағы WBO International
белбеуін қорғап қалды. Сондай-ақ, ол алдағы уақытта «Канело» Альваресті елге шақырғысы келіп жүргенін айтты.