Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова үш мыңнан астам термин қайта бекітілгенін айтты, соның ішінде «әнұран», «сынып» сөздері қолданыстан алынады, деп хабарлайды Neonomad.kz депутаттар алдында есеп берген министрдің сөзіне сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, мамандар терминологиялық қорға мониторинг жүргізген. Нәтижесінде, бұрын қазақ тіліне аударылған 3 300-ден астам жалпыға бірдей қабылданған термин мен ұғым қайта қаралып бекітілген.
«Олардың 300-ге жуығы – халықаралық терминдер. Мысалы, «мұражай» деген сөз «музей» болатын болды. Мұрағат – архив, тағы сондай-сондай нәрселер», – деді Райымқұлова бүгінгі есеп беру кездесуінде.
Бұдан бөлек, азатжол – абзац, пайыз – процент, сынып – класс, құрсым – шина, теңгерім – баланс, әнұран – гимн, мұқаммал – инвентарь, ақау – дефект, шегендеу – демаркация, мейрамхана – ресторан, қимыл – анимация, ал «әлеует» деген сөз «потенциал» болып қайта өзгертілді.