Танымал тележүргізуші Аман Тасыған қазақ қыздарын бұзатын жігіттердің өзі екенін тілге тиек етті, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі The real gap бағдарламасына сілтеме жасап.
«Негізі қазақ жігіттері көп оқуы керек. Көп ізденіп, білім алу дегендей. Интернет өте ғажап нәрсе, талғамды қалыптастырады. Сыни ойлауды қалыптастырады. Мысалы, ютуб, гуглға кіріп ол азаматтың нені көріп отырғанынан-ақ оның қандай адам екенін аңғаруға болады.
Кейбір жігіттердің телефонын алып қарасам «Жайдарман» дегендер тұрады. Осымен түсінікті болады. Танымдық нәрселерді қарап жатқан жігіттерді өте аз байқайсың. Сондайда әттеген-ай дейсің. Білім болмаған жерде әрине жауапкершілкіті сезіну қиын ғой», – деді ол.