Қазақстандық танымал блогер Данияр Еникеев Алматының жаңа әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қаланы жезөкшелерден тазарту туралы тапсырмасына қарамастан, олардың жұмысын жалғастырып жатқанын айтты. Әкім алғашқы жұмыс күнін шаһарды «түнгі көбелектерден» тазартудан бастаған еді, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.
Блогердің айтуынша, Сейфуллин көшесінің төменгі бөлігінде тұратын жезөкшелер сағатына 7 мың теңге алады. Ал «түнгі көбелекпен» бір түннің құны 25 мың теңге. Сондай-ақ, блогер олармен саудаласуға болатынын айтты. Мысалы екі жігіт бірге келсе, олармен бір түнді 22 мың теңгеге өткізуге дайын.
Кәмила есімді жезөкше айына 200-250 мың теңге табатынын айтып мақтанған. Сондай-ақ, ол Алматы қаласындағы ЖОО-лардың бірінде білім алып жүргенін жасырмады. Болашақта дұрыс жолға түсіп, жаңа өмір бастамақ. Ол өзінің қызметіне шетелдіктердің көп жүгінетінін жеткізді.
«Маған келетіндердің ішінде түрік, әзербайжан, орыс және кәрістер бар. Бастапқыда кәрі кісілермен төсектес болуға жиіркеніп жүрдім. Кейін үйреніп кеттім», – дейді ол.
Енді бірі мұны Алланың өзіне жіберілген сынағы деп қабылдаса, Ләззат есімді жезөкше «Қазір ХХІ ғасыр. «Қыздықты» тіктіріп алуға болады. Мен де болашақта тіктіріп, тұрмысқа шығамын», – деді.