Алматы қаласының тұрғыны «Қазақтелеком» компаниясының интеллектуалды қызметтерді пайдаланды деп 1,3 млн теңге көлемінде есеп ұсынғанын айтты, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Алайда Анастасия Сердюкова бұл қызмет түрлерін мүлдем пайдаланбағанын айтады.
«Бірде бізге «Қазақтелеком» компаниясынан хабарласып, «Қарыздарыңызды қашан өтейсіздер?» деп сұрады. Әдетте қызметтер үшін тиісті ақшаны уақытылы төлеп отырамыз. Қазір бізде интеллектуалдық қызметтер (телефон арқылы секс, бал ашу, танысу және т.б.-лар) үшін қарыз 1,5 млн теңге болып отыр. Үйде күйеуім, балам үшеуіміз ғана тұратындықтан, мұндай қызметтерді мүлдем пайдаланбаймыз. Оның үстіне ипотекамыз бар болғандықтан, мұндай нәрсе мүлдем қажет емес», – дейді Алматы тұрғыны.
Сондай-ақ, ол осы жағдайға қатысты бірден полицияға арызданғанын айтты. Алайда олар бұл істі қараудан бас тартқан.