Алматы қаласында балабақшадан бүлдіршінді ұрламақ болған әйел сотталды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Саягүл Жаңалық есімді әйел екі – «Қылмысқа дайындалу және қылмысқа әрекет жасау» және «Адам ұрлау» бабы бойынша кінәлі деп танылды. Сот оны 6 жылға бас бостандығынан айырды.
Естеріңізге сала кетсек, әйелдің 5 жасар бүлдіршінді түскі уақытта ұрлап әкетпек болғаны туралы хабарлаған едік.