13:30-дағы уақыт бойынша коронавирустың эпидемиологиялық жағдайы туралы Neonomad.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Алматыда коронавирустық инфекцияның тағы бір оқиғасы тіркелді.
«Ол 1992 жылы туған қыз. Ол 15 наурыз күні Стамбул-Алматы рейсімен келген жұқтырған науқаспен тығыз байланыста болды. Қыз ауруханада карантинге жатқызылды. Оның денсаулығы қанағаттанарлық», – деді денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшарип.
Бүгінгі күні республикада коронавирустың 57 жағдайы расталды, оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында – 31, Алматыда – 23, Қарағандыда – 2, Алматы облысында – 1 жағдай.