Алматыда Шығыс айналма жолының бойында орналасқан құрылыс алаңында өрт шықты. Куәгерлер желіде оқиға орнында түсірілген сурет және видеолармен бөлісуде. Оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде куәгерлердің әр жерден түсірген видеолары тарауда. Кадрдан салынып жатқан ғимараттың қалай өртке оранып жатқанын көруге болады. Куәгерлердің айтуынша, оқиға Шығыс айналма жол бойында орналасқан құрылыс алаңында болған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бұл жайтқа қатысты Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді. Ведомство Медеу ауданындағы өрт жайлы куәгерлер хабарлағанын жеткізді. Қазіргі уақытта ғимарат өртеніп жатыр. Оқиға орнына 13.55-те мамандар мен қажетті техника жіберілген.