5 шілде күні Алматыда «Балуан Шолақ» атындағы спорт сарайында өтетін бокс кешінде Мадияр Әшкеев жекпе-жекке шығады. Қазақстандық белгілі кәсіпқой бокс шебері осыған дейінгі жекпе-жектерде жеңіліп көрмеген. Ол 12 жекпе-жек өткізіп оның 12-сінде жеңіске қол жеткізген, соның ішінде 6 кездесуді нокаутпен аяқтаған (12-0, 6КО), Neonomad.kz хабарлайды.
Жерлесіміз шаршы алаңда бірінші орта салмақ дәрежесі бойынша NBA World белдігін сарапқа салатын болады. Бүгінде Әшкеевтің қарсыласы кім болатындығы әзірге белгісіз.
Айта кетсек, Мадияр Әшкеев 1988 жылы 30 шілде күні Жамбыл облысы, Меркі ауданында дүниеге келген. 2014 жылы Нью-Йорктегі «Fight Promotions» компаниясынан шақыру алып, кәсіпқой бостағы спорттық мансабын АҚШ-та бастаған. Бүгінде Әшкеев АҚШ-тың Калифорния штатында қазақстандық Мейірім Нұрсұлтановпен бір командада жаттығып келеді.
Еске салайық, 2019 жылдың 23 мамырында АҚШ-тағы Аризона штатында өткен бокс кешінде Мадияр 34 жастағы америкалық боксшы Сесил Маккаланы (21-4, 8 КО) төрешілердің шешімімен жеңіп, NABF Junior белбеуіне ие болған еді.