Алматыда карантин кезінде жеке автокөлікпен кім жүре алатыны белгілі болды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.
Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапановтың айтуынша, карантин кезінде жеке автокөлікпен жүруге шектеу қойылған.
«Жеке көлікпен тек медицина қызметкерлері, коммуналдық қызметкерлер, құқық қорғау және арнайы органдардың өкілдері, қаланы азық-түлікпен қамтамасыз ететін дүкендердің өкілдері жүре алады. Қалған азаматтарға жеке көлігімен жүруге тыйым салынған», – деді Қожағапанов.
Сондай-ақ, қала тұрғындары жеке автокөлігімен азық-түлікке баратын болса, қажеттілік болғанын патрульге түсіндіре алуы қажет.
«Автокөлік иесі азық-түлік дүкеніне баруға аса қажеттілік бар екенін патрульге түсіндіре алуы қажет. Бізде партульде роботтар жұмыс істемейді, барлығының отбасы бар, олар мұндай жағдайларды түсінеді», – деді Қожағапанов.