Әлеуметтік желіде 6 жасар баланың Gelendwagen маркалы көлік айдап жүрген сәтіндегі видеосы қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.
Кей желі қолданушыларының айтуынша, аталған видеоны жүргізуші баланың әкесі таратқан.
«Көлікті оқу полигонында басқарса, бұл әрекетінің арты қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін екенін ескерту қажет. Баланың әкесінің мұны түсінуі шарт. Аталған жағдайда ол өз қатесін түсініп, қайталамауға жол бермеді. Оның атына әкімшілік хаттама толтырылды», – деді Алматы ПД басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.