Сәрсенбі, Сәуір 21, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау

Алматыда әйелдер мәселесін айтқан екі жүздей адам «қаралы шеруге» шықты

Наурыз 9, 2020
Өмір, Басты жаңалықтар, Қазақстан, Қоғам
Алматыда әйелдер мәселесін айтқан екі жүздей адам «қаралы шеруге» шықты

Сурет: Аян Қалмұрат

Поделиться на Facebook

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнінде Алматыда қазақстандық феминистер қозғалыстарының ұйымдастыруымен әйелдер құқығының ахуалы мен тұрмыстағы зорлық-зомбылық мәселесі айтылған «қаралы шеру» өтті. Олар биліктен тұрмыстағы зорлық-зомбылық жазасын күшейтуді талап етті, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.

Екі жүзге тарта белсенді қолына «Қызға қырық үйден бостандық», «Әйел құқығы – адам құқығы», «Әйел – зат емес» деген жазуы бар плакат ұстап, Алматы орталығымен жүріп өтті.

Марш басындағы белсенділер «қаралы гүлдесте» (венок) ұстап шықты. Гүлдестедегі лентаның біріне – «Әр әйел – жалғызым», екіншісі “Никто не забыта” (Ешкімді ұмытқан жоқпыз – ред.) деп жазылған. Қазақстандық тіркелмеген «Феминита» тобының жетекшісі Гүлзада Сержан гүлдің «тұрмыстағы зорлықтан қаза тапқан әйелдер рухына бағышталғанын» айтады.

– Қазақстанда жыл сайын 400-ге тарта әйел күйеуінің не басқа жақынының қолынан қаза табады. Бүгін сол әйелдердің тағдырына назар аудартқымыз келеді, – дейді белсенді.

Шеру ұйымдастырушылары – «Казфем», «Феминита», «Фемсреда», «Фемагора», «Свет Казахстана» қозғалыстары жергілікті әкімдіктен рұқсат сұрамаған.

– Былтыр алты-жеті рет шеру өткізуге өтініш бергенімізбен, Алматы әкімдігі рұқсат бермеді. Сондықтан рұқсатсыз шықтық, – деді Сержан.

Белсенділер Алматыда Арбат аталып кеткен көше бойынан бастап, Панфилов-Қабанбай батыр қиылысына дейін жаяу жүріп келді. Шеру кезінде Алматы әкімдігің өкілі «рұқсатсыз шеруді тоқтату» туралы екі рет ескерту жасағанымен, белсенділер тоқтаған жоқ.

Шеруге шыққандар Қазақстанда ер мен әйел жалақысында айырмашылық барын, «әйелдер заң жүзінде зорлық-зомбылықтан қорғалмағанын» айтты.

Қабанбай батыр көшесі бойындағы Жамбыл Жабаев ескерткіші алдына келгендер гүлдестені өртеді. «Тап қазір осы маңдағы үйлердің бірінде зорлықтан бір әйел көз жұмған болуы мүмкін. Сондықтан мына гүлді үйлердің алдында жағып отырмыз» деді белсенділер.

– Бізге (әйелдерге – ред.) жылына бір рет гүл сыйлағаны емес, зорлық-зомбылық жасағандардың лайықты жазаланғаны керек. Әйелдер ер адамдар бар пойыз купесіне, таксиге отыруға қорқады. Зорлық жасағандар уақытынан бұрын шартпен босатылмауын талап етеміз. Жыныстық бопсалау туралы заң қабылдансын, – деді ұйым мәлімдемесін оқыған Гүлзада Сержан.

Шеру қырық минуттан аса уақытқа созылды. Белсенділерді күртеше киген оннан аса азамат бақылап жүрді.

Халықаралық Human Rights Watch (HRW) адам құқығын қорғау ұйымының биылғы мәлімдемесінде Қазақстан заңнамасы іс жүзінде зәбір көрсетушіге «ақша төлеп, күш көрсетуге құқық береді» деп жазған. HRW «биліктің әйелдерді отбасындағы зорлық-зомбылықтан заң жүзінде қорғамауы Қазақстанның адам құқығы саласындағы міндеттемелеріне қайшы келеді» деп есептейді.

Бөлісу91ТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

Емшіге сеніп химиялық емдеуден бас тартқан қыз көз жұмды

Келесі жаңалық

Зорланған болып шықты: Алматы облысында жоғалған 7 жасар қыз табылды

ҰқсасЖаңалықтар

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)
Әлем

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Наурыз 5, 2021
997
Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды
Басты жаңалықтар

Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды

Наурыз 5, 2021
951
«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді
Әлем

«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді

Наурыз 5, 2021
1.1k
«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді
Әлем

«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді

Наурыз 5, 2021
1.4k
Астанада құрсақтағы сәбиі шетінеген әйелді ауруханаға жатқызбай қойған
Денсаулық

Астанада құрсақтағы сәбиі шетінеген әйелді ауруханаға жатқызбай қойған

Наурыз 5, 2021
64
Асқар Жұмаділдаев: Адамның өз үйі, жалақысы, жауапкершілігі болса, махаббаты баяндырақ болады
Басты жаңалықтар

Асқар Жұмаділдаев: Адамның өз үйі, жалақысы, жауапкершілігі болса, махаббаты баяндырақ болады

Наурыз 5, 2021
461
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
Зорланған болып шықты: Алматы облысында жоғалған 7 жасар қыз табылды

Зорланған болып шықты: Алматы облысында жоғалған 7 жасар қыз табылды

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді
Әлем

«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді

Наурыз 5, 2021
1.4k
«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді
Әлем

«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді

Наурыз 5, 2021
1.1k
Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)
Әлем

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Наурыз 5, 2021
997
Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды
Басты жаңалықтар

Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды

Наурыз 5, 2021
951

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбылда күйеу бала қайын жұртының соғымын ұрлап кеткен

Наурыз 5, 2021
139

Астанада құрсақтағы сәбиі шетінеген әйелді ауруханаға жатқызбай қойған

Наурыз 5, 2021
64
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.