Алматыда №4 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері Қанат Тезекбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлады Neonomad.kz ақпараттықа агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.
Бас дәрігерге бұлтартпау шарасын №2 мамандандырылған ауданаралық тергеу соты қолданды.
Ұлттық медициналық қауымдастық Тезекбаевтың ұсталғаны туралы ақпаратты растады.
«Иә, оны жексенбіде ұстады. Бізге ақпарат түскен бойда адвокат іс материалын зерттейді және біз оларға қол жеткізе аламыз. Содан кейін не істеу керектігін шешеміз», – деді қауымдастық президенті Айжан Садықова.
Тезекбаевтың кінәсі анықталса, ол бес жылға дейін бас бостандығынан айырылады.