Алматыда әйел мен оның балаларының үстіне ағаш құлады. Оқыс оқиғадан әйел көз жұмып, балалардың біреуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Neonomad.kz қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қайғылы жағдай 21 маусымда Алматыдағы Түркісіб ауданы Шацкий көшесінде болды.
Белгілі болғандай, зардап шеккен әйел № 4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген. Бірақ алған жарақаты тым ауыр болып, көз жұмды.
Тағы үш бала медициналық көмекке жүгінген. Біреуі ауруханаға жатқызылса, қалған екеуі дәрігердің тексерісінен соң амбулаторлық емделі үшін үйлеріне жіберілді.
Оқиға болған жерде түсірілген ролик Instagram желісінде жария болды.