Алматыда жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тағы 700-ден астам «Сергек» камералары орнатылады, деп хабарлады Neonomad.kz қалылық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осы жылдың аяғына дейін мегаполисте «Сергек» фото-видеофиксация жасайтын камералардың саны артпақ. Әкімдіктің тапсырысы бойынша тағы 707 камера орнатылады.
Олардың 400-і қиылыстарға, ал 307-сі жол жиегіндегі желі учаскелеріне ілінеді.
Бұл жүйе жылдамдықтың артуын, қызыл жарықтан өтіп кетуді, тұру-тоқтау желісін ескермеуді және автобус жолағымен жүруді бірден суретке түсіреді.
Бұдан өзге, жаңа технологияны пайдалану қылмыстың ізін суытпай, «жедел ашуға» ықпал етеді.