Үлкен Алматы шыңын бағындыруға кеткен турист қыз хабарсыз жоғалып кетті. Құтқарушылар іздестіру жұмыстарын тоқтатты, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.
«Туыстары хабарласып, қызды іздеуді тоқтатуды өтінді. Себебін білмейміз. Қыз табылған болуы мүмкін», – деп мәлімдеді ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитеті республикалық жедел-құтқару жасағынының баспасөз қызметі.
Белгілі болғандай, турист қыз 9 қарашада Үлкен Алматы шыңын баңындыруға шыққан. Кейін әлеуметтік желідегі өзінің парақшасына шыңнан түсірілген видеолар мен суретті жүктеген. Алайда содан кейін хабар-ошарсыз кеткен.
Республикалық жедел-құтқару жасағы турист қыздың жоғалғаны туралы 10 қараша күні түнде білген. Қыздың туыстары оның соңғы кездері тау туризмімен белсенді айналысып жүргенін жеткізді.