Алматы қаласының прокуроры қызметінен босатылған Ғабит Миразов Бас прокуратурада жаңа лауазымға тағайындалды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, Миразов бұдан былай Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Әскери басқармасының басшылық ететін болады.
«Ғабит Миразов прокуратура органдары жүйесінде 1991 жылдан бері жұмыс істейді. Әр жылдары аудан прокурорынан облыс прокурорының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған. Соңғы лауазымы – Алматы прокуроры, ол босатылған, бірақ прокуратура органдарында қызметін жалғастырды. Кейінірек, 2018 жылдың мамыр айында Ғабит Миразов жүйеден өз еркімен жұмыстан босатылды», – делінген комитеттің редакцияның ресми сауалхатына берген жауабында.
Айта кетейік, 2018 жылдың 31 қаңтарында Ғабит Миразов «тәртіптік теріс қылық жасағаны, қадағалау қызметін дұрыс ұйымдастырмағаны, қылмыстық процестегі жүйелі заңбұзушылықтар, мемлекет мүдделерін тиімсіз қорғағаны үшін» Алматы прокуроры қызметінен босатылды.