Алматы облысында зауыт жарылып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттңігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Өндірістік цехта болған жарылыстан 38 жастағы ер адам көз жұмды.
«Өндірістік цехта болған жарылыс салдарынан зардап шеккен 1981 жылғы азамат 31 тамыз күні сағат 20:20-да аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды. 1984 жылғы тағы бір науқас травматология бөлімінен жансақтау бөліміне ауыстырылды. Жағдайы өте ауыр. Бірақ есін біледі. Кеше аяғына ота жасалды», – деді Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хатшысы Ләйлім Әубәкірова.
Еске сала кетсек, 31 тамыз күні сағат 12.00 кезінде Қарасай ауданы Райымбек ауылында газ-бетон блоктарын өндіретін цехта жарылыс болғанын жазған болатынбыз.
Жарылыс салдарынан 1961 жылы туған ер адамның мәйіті табылды. Сол зауытта қызмет ететіні белгілі болды.