Жұма, Қаңтар 15, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Қоғам Өмір

Алматы облысында құрбы болған екі оқушы жоғалды

Қаңтар 22, 2020
Өмір, Басты жаңалықтар, Қазақстан, Қоғам
Алматы облысында құрбы болған екі оқушы жоғалды
Поделиться на Facebook

Алматы облысында екі бірдей жасөспірім жоғалды. 12 және 14 жасар Талшын Қызырбай мен Ару Бекберді кеше таңертең мектепке кетіп, сол күйі үйіне оралмаған. Қыздарының не тірі, не өлі екенін білмеген ата-аналар өзін қоярға жер таппай отыр. Хабар-ошарсыз кеткендерді полицейлермен қоса бүкіл Алдабергенов ауылының тұрғындары жер-жерден іздеуде. Ал тәртіп сақшылары қос құрбы Алматыда жүрген болуы мүмкін дейді, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Алдабергенов ауылы кешеден бері абыр-сабыр күйде. Қай үйге барсаң да жоғалған қыздарды сөз етеді. Ұшты-күйлі кеткен Ару мен Талшын көрші тұрады екен. Екеуі арасынан қыл өтпес дос. Олар мектепке күнде бірге барып-қайтып жүрген дейді ата-аналары. Кеше де әдеттегідей таңғы 8 шамасында сабаққа кетіп, үйіне қайтып оралмапты.

Байден «Американы құтқару жоспарына» $1,9 трлн бөлуді ұсынды

«Африкада орыс тілді адамдарды жегіш тайпа табылды»

«Бізге «балалар мектепке келмеді» деп апайлар хабарласты. Сол арқылы оны сағат тоғыздан бастап іздеп таба алмай жатырмыз», – деді Арудың әкесі Қыдырәлі Бекберді.

Жасөспірімдердің жақындары содан бері сары уайымға салынып жүр. Олар Ару мен Талшынға үйде біреу-міреу ұрысып, ренжіткен емес дейді. Қос құрбы бұрын алыс жолға да шығып көрмепті.

«Қыдырып кететіндей емес. Талдықорғанға да бара алмайды. Үйден шығып көрмеген бала болатын. Енді не боп қалғанын білмеймін», – деді Талшынның анасы Мақпал Жүніс.

Полицейлердің болжамы бойынша, жасөспірімдер Алматыда жүруі мүмкін. Бір айта кетерлігі, Ару мен Талшынның қолында 10 мың теңге шамасындай ақша болған. Қыздарды полиция қызметкерлері кешеден бері аяқтан тік тұрып іздеп жатыр. Сондай-ақ, іздеу жұмыстарына жергілікті тұрғындар, мектеп мұғалімдері мен еріктілер жұмылдырылған.

«Ауылдағы және сол ауылға жақын орналасқан елді мекендердегі иесіз үйлер, шатырлар мен жертөлелер жіті тексерілуде. Сонымен қатар іздеу жұмыстары Талдықорған мен Алматы сияқты қалаларда да ұйымдастырылды», – деді Алматы облыстық ПД ресми өкілі Серік Үпиев.

Қыздарынан көз жазып қалған көршілер олардың аман-есен оралуын тілеумен отыр. Екеуін көрген-білгендер болса, полицияға хабар беруін сұрайды. Жалпы, Алматы облысында жыл басынан бері осымен 6 жасөспірім жоғалған. Әзірге олардың үшеуі ғана табылыпты.

БөлісуТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

Қызылордада көпбалалы ана бұрынғы күйеуін өлтіруге киллер жалдаған

Келесі жаңалық

Желіде Тұрсынбек Қабатовтың қар тазалап жүрген видеосы тарады

ҰқсасЖаңалықтар

Байден «Американы құтқару жоспарына» $1,9 трлн бөлуді ұсынды
Әлем

Байден «Американы құтқару жоспарына» $1,9 трлн бөлуді ұсынды

Қаңтар 15, 2021
1
«Африкада орыс тілді адамдарды жегіш тайпа табылды»
Әлем

«Африкада орыс тілді адамдарды жегіш тайпа табылды»

Қаңтар 15, 2021
3
Жұртты шулатқан көңілдестің кім екені белгілі болды (видео)
Өмір

Жұртты шулатқан көңілдестің кім екені белгілі болды (видео)

Қаңтар 15, 2021
9
Тоқаев зейнетақы жинағын алу кезінде салық төлеуді кейінге қалдыру туралы заңға қол қойды
Сайлау 2021

Тоқаев Пайыздық межені 7-ден 5%-ға төмендетуді ұсынды

Қаңтар 15, 2021
4
«Мойныммен көтеруге дайынмын». «Мас» депутатты видеоға түсірген азамат кешірім сұрады
Қазақстан

«Мойныммен көтеруге дайынмын». «Мас» депутатты видеоға түсірген азамат кешірім сұрады

Қаңтар 15, 2021
150
80 дана жасалды. Депутаттар төсбелгісінің біреуінің бағасы – 303 968 теңге
Қазақстан

80 дана жасалды. Депутаттар төсбелгісінің біреуінің бағасы – 303 968 теңге

Қаңтар 14, 2021
11
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
Желіде Тұрсынбек Қабатовтың қар тазалап жүрген видеосы тарады

Желіде Тұрсынбек Қабатовтың қар тазалап жүрген видеосы тарады

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

«Мен адаймын!» деп айқайлаған ер адам жерде жатқан азаматты ұрып тастады (видео)
Қылмыс

«Мен адаймын!» деп айқайлаған ер адам жерде жатқан азаматты ұрып тастады (видео)

Қаңтар 14, 2021
225
«Тірі қалғысы келсе». Федеров Қазақстанның неге Ресейге қосылуы керегін айтты
Саясат

«Тірі қалғысы келсе». Федеров Қазақстанның неге Ресейге қосылуы керегін айтты

Қаңтар 11, 2021
1.9k
«Енем тыныштық бермейді»: Бір ай бұрын тұрмысқа шыққан Say Mo ажырасқалы жатыр
Шоу-бизнес

«Енем тыныштық бермейді»: Бір ай бұрын тұрмысқа шыққан Say Mo ажырасқалы жатыр

Желтоқсан 27, 2020
3.6k
«Мойныммен көтеруге дайынмын». «Мас» депутатты видеоға түсірген азамат кешірім сұрады
Қазақстан

«Мойныммен көтеруге дайынмын». «Мас» депутатты видеоға түсірген азамат кешірім сұрады

Қаңтар 15, 2021
150

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Байден «Американы құтқару жоспарына» $1,9 трлн бөлуді ұсынды

Қаңтар 15, 2021
1

«Африкада орыс тілді адамдарды жегіш тайпа табылды»

Қаңтар 15, 2021
3

Жұртты шулатқан көңілдестің кім екені белгілі болды (видео)

Қаңтар 15, 2021
9

Тоқаев Пайыздық межені 7-ден 5%-ға төмендетуді ұсынды

Қаңтар 15, 2021
4

«Мойныммен көтеруге дайынмын». «Мас» депутатты видеоға түсірген азамат кешірім сұрады

Қаңтар 15, 2021
150

80 дана жасалды. Депутаттар төсбелгісінің біреуінің бағасы – 303 968 теңге

Қаңтар 14, 2021
11
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.