Алматы облысы Шамалған стансасында пойыз бен автобус соқтығысты, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі.
Жол апаты салдарынан алдын ала дерек бойынша екі адам қайтыс болды, 9 адам зардап шеккен.
«Оқиға орнына қажетті көлемде жедел жәрдем көліктері мен тиісті сала басшылары жетті. Қарасай ауданының әкімі Жандарбек Далабаев оқиға орнында. Жақын маңдағы ауруханалар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр», – деп мәлімет берді Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Төтенше жағдайлар комитетініғ ақпаратынша, апатқа байланысты жедел штаб құрылған.
Әкімдіктегілер қосымша ақпарат толықтырылып берілетінін айтты.