Алматы облысында Нидерланды азаматы қайтыс болды. Ол Шарын шатқалында жартастан құлап кеткен, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Nur.kz сайтына сілтеме жасар.
Қайғылы оқиға 18-қыркүйекте орын алды. 74 жастағы Нидерланды азаматы жартаста тқрып, селфи жасамақ болған. Сол кезде аяғы тайып кетіп, 10 метр биіктіктен құлаған. Ол оқиға орнында жан тапсырды.
Ведомствоның дерегінше, Нидерланды корольдігінің азаматы Шарынға туристік топпен барған. Олар Көлсай өзеніне қарай бағыт алған екен.