Алматы облысының тұрғыны полиция қызметкерінің көлігінде толғағы қысып, босана бастады, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл жағдай 18 қазанда Қапшағай №4 шағын ауданындағы патрульдеу кезінде болды. Автопатруль жолда көмек сұраған жүкті әйелге назар аударған.
Әйелде толғағы қатты ұстап, оны шұғыл ауруханаға жеткізді. Көлікте толғақ қысқан кезде жасалатын шараларды полиция қызметкерлері еске ала бастады.
«Бірден біздерді перзентханада қарсы алу үшін қоңырау шалдым… Көлік кептелісінің болмауы, әйелді қалалық ауруханаға дер кезінде жеткізу мүмкін болды. Босану жолда басталуына байланысты дәрігерлер әйелді қабылдау үшін үлкен дайындық қажет болды. Бала дүниеге келді, анасы екеуінің жағдайы жақсы. Оның болашақта жақсы азамат болатынына сенемін. Оған және оның анасына бақыт тілеймін», – деп атап өтті Қапшағай патрульдік полиция инспекторы Нұрлан Өмірзақов.
Белгілі болғандай, толғағы қысқан әйел ауруханаға өз бетінше жетуге тырысқан. Кездейсоқ Анастасия автопатрульді көріп, көмек сұрады. Ерлі-зайыптылар ұлын Владислав деп атады.
Оқиға жергілікті әлеуметтік желілерде жария етілді, онда желі пайдаланушылары полицияға алғыстарын білдіріп, осы жағдайға дейін Нұрлан Өмірзақовтың қалада адасып кеткен БЦП-дан зардап шегетін 14 жасар жасөспірімді тапқаны туралы айтты.