Алматы облысында із-түссіз жоқ болып кеткен мылқау жандардың отбасы табылды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Алматы қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
«Дәл қазір отбасы туыстарына байланысқа шықты. Айтуларынша, жағдайлары жақсы, бәрі ойдағыдай. Өзге ақпарат оқиғаның егжей-тегжейі анықталған соң хабарланатын болады», – деді полиция қызметкерлері.
Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін қоғам белсендісі Ислам Угушев өзінің Facebook парақшасында 5 адамнан тұратын отбасының жоғалып кеткені туралы хабарлаған болатын. Ол – 41 жастағы Андрей мен 39 жастағы Наталья Чурулиндердің отбасы. Сондай-ақ, олардың Ангелина, Давид және Данил есімді үш баласы. Отбасы 4 тамыздан бері жақындарымен байланысқа шықпаған екен.