Алматы облысында 8 жасар қызды бәзбіреу зорламақ болған. Осы оқиғадан кейін тұрғындардың барлығы маңайларына үрке қарап шошынып отыр. Бір қызығы, зәбір көрген қыздың куәлігінен кейін ұсталған азаматты прокуратура өкілдері қайтадан бостандыққа жібере салған. Алайда мұндай оқиғаның тағы да қайталануынан секем алған жұртшылық құқық қорғау органдарының салғырт ісіне наразылықтарын білдіруде, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
Приозерск саяжайы қауымдастығының тұрғындары бір аптадан бері тұрмыстық тіршіліктерін ысырып тастап, балаларын күзетуге кіріскен. Себебі, 2 тамыз күні 8 жастағы Софияны көрші саяжайдың тұрғыны зорламақ болған. Бұған дейін асыр салып ойнайтын балаларға ешқандай тосқауыл қоймағандарымен, енді әрбір қадамдарын жіті бақылауына алған.
«Балалардың барлығы қазір бақылауымызда. Көрші көшеге жіберсек те, соңынан хабарласып, аман-есен жеткенін сұрап отырамыз. Софияның жағдайынан кейін барлығымыз қорқып қалдық”, – дейді Приозерск саяжайының тұрғыны Елена Иванова.
Құрбыларын іздеп шыққан қаршадай қызды арам ойын іске асырғысы келген азамат дәл осы жерден ертіп әкеткен. Бейкүнә бала соңынан еріп үйіне дейін бірақ барыпты. Алайда, қираған қораның ішіне кіргенде өзінің мүлде басқа жаққа келген түсінген. Әбден шошып үйіне келген Софияның өңі қашқанын әпкесі байқаған. Анасының айтуынша, ер адам жеткіншекті үйінің қорасына апарып сүйе бастаған. Жеткіншек айғайлауға тырысқанымен, оны қорқытып, дыбысын шығартпаған екен. Киімдерін шешіп, өзінің ойына келгенін істемекке оқталып, кенет босатып жіберіпті.
Сонымен қатар, тұрғындар прокуратура өкілдерінің күдіктіні бостандыққа жібере салғандығына да наразылықтарын жеткізді. Тергеу ісі аяқталмай үйіне келген азаматтың тағы бір іске баруынан қорыққан. Бірақ бүгін Алматы облысының ішкі істер департаментіндегілер күдіктінің қайтадан қамауға алғанын жеткізді.
“Осы ауылдың 37 жастағы тұрғыны ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі таңда Іле аудандық полициясының қызметкерлері тергеу амалдарын жүргізуде. Бұл іс облыстық департаменттің ерекше бақылауына алынды”, – деді Алматы облысы Полиция департаментінің ресми өкілі Ернар Сайділдин.
Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін ер азаматтардың үш жасар қызды күні бойы зорлап өлтіргені туралы хабарлаған едік.