Алматы қаласында 17 қыркүйекте жиһаз цехы өртеніп, ішінен әйелдің өлі денесі табылды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агентті Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
«Құрылыс құрылымдарын сұрыптау және төгу кезінде биіктігі бір метрден асатын үйіндінің астынан мәйіт табылды. Алдын ала болжам бойынша, ол әйелге тиесілі», – дейді ТЖД-дағылар.
Айта кетсек, бүгін Алматы қаласындағы Ратушный көшесінде жиһаз цехы өртенді. Өрт аумағы 1 200 шаршы метрді құрайды.