Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қыздары қай жерде жәні қалай өмір сүретіні туралы Caravan.kz сайты жариялады, деп хабарлайды Neonomad.kz.
Мына суретте көріп тұрғандарыңыз – Сағынтаевтың қызы Меруерт Әбдр. Мектепті тәмамдаған соң, халықаралық бизнес саласын меңгеру үшін Лондонға оқуға кетеді.
Бүгіндері оның есімі сән әлемінде танымал. Меруерт кезінде Buro 24/7 порталының қазақстандық нұсқасын жасау мақсатында құрбысы Мирослава Думадан франшиза сатып алады.
Белгілі болғандай, сол сән басылымының ашылуына арнап ол үлкен кеш ұйымдастырған. Оған тек отандық Fashion өкілдері ғана емес, әлемге танымал жұлдыздар шақырылған. Dixinews.kz сайтының ақпаратынша, кештің ұйымдастырылуына 2 млн доллар жұмсалыпты.
Меруерттің сөзінше, Ұлыбританиядан елге оралудағы бірден-бір себеп: Қазақстандағы fashion-кәсібін дамыту.
Мамандығына байланысты болса керек, Меруерт Әбдр саяхаттағанды жаны сүйеді. Осы уақытқа дейін жас қыз өте көп елдерді аралап үлгерген.
Сағынтаевтың үлкен қызы үшін сәнді өмір қалыпты жағдай екені суреттерінен байқалып-ақ тұр. Саяхатпен бірге ол тек танымал жұлдыздар шақырылатын түрлі кештердің қонағы.
Сән әлемі мен саяхат былай тұрсын, Меруерт қымбат көліктерге деген құмарлығын жасырмайды. Париж көшелерінде «Maserati» көлігімен жүргенін, және «Rolls Royce» зауытына барғанын суреттерімен бөліседі.
Ал мынау болса Сағынтаевтың кіші қызы. Есімі Надира, Лондонда оқыған. Бірақ үлкен әпкесіне қарағанда, ол қоғамдық өмірден алыстау. Қала берді, Надирада инстаграм-аккаунты да жоқ.
Белгілі болғандай, ол жұмыс істемейді. Тұрмысқа шыққан, өзін бала тәрбиесіне бағыштаған. Бірақ үлкен әпкесімен кей кездері салтанатты шараларға қатысады екен.
Әпкесі Меруерттің сәнді басылымы үшін кәсіби фотосессияларға қатысады.
Еске сала кетейік, 28 маусымда Бақытжан Сағынтаев Алматы қаласының әкімі болып тағайындалған болатын.