Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың өкімімен және ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен Ержан Бабақұмаров қала әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Neonomad.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
1969 жылы 2 наурызда Талдықорған облысында дүниеге келген Ержан Бабақұмаров осыған дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Талдау және болжамдау орталығының меңгерушісі болған.
Ол Қазақ мемлекеттік университетін және аспирантураны тәмамдаған. Саясаттану ғылымының докторы.
1996-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің аға референті, консультанты, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары, Әлеуметтік саяси бөлімінің бас инспекторы, Ақпараттық-талдама орталығының меңгерушісі, ҚР Президенті Әкімшілігі Ақпараттық талдау бөлімінің меңгерушісі қызметінде болған.