Отандық танымал әнші Алмас Кішкенбаев желідегі оқырмандарын ашық әңгімеге тартып, қызу талқыға түсті. Ол сүйісіп тұрған жандардың видеосын жариялап, оның астында екі ойлы жазба қалдырған, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.
Өнер иесі жан сырын ақтарып, көптен бері айта алмай жүрген ойымен бөліскен. Ол адамды келбетіне қарап сынау дұрыс емес екенін айтып, жазбасы арқылы өзінің ішкі ойын жеткізді. Кішкенбаевтың пікірінше, адам баласы қаншалықты толық немесе мінсіз болса да, онымен сүйісетін жан табылады.
«Бұл сүйіскенге байланысты пост емес. Бәріміз сүйеміз ғой. Менің айтайын дегенім, халық алдында жүргеннен кейін шектен тыс мінсіз болып көрінгің келе береді. Себебі сені көрермендер, тыңдармандарың солай қабылдағысы келеді. Дегенмен кез келген адамның бұзықтығы бар ғой. Ешкім мінсіз емес. Семірсек те сүйісетін адам табылады. Бұзық болсаң да табылады. Өтірік мінсіз болсаң да бар. Неге ендеше өзіңмен өзің ашық болмасқа? Осы постты он өшіріп, он рет жаздым ұялғанымнан» , – деп жазды Алмас Кішкенбаев.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айта кетейік, бұған дейін Алмас Кішкенбаев бұрынғы әйелі туралы бар шындықты айтқан болатын. Әншінің сөзінше, бүгінде оның өз өмірі бар. Алайда, ерлі-зайыптылар қыздары үшін көрісіп, сөйлесіп тұрады.