Ресей президенті Владимир Путиннің Сауд Арабиясының мұнай нысандарына жасалған шабуылдарға қатысты айтқан жауабы жұртты қайран қалдырды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.
«Түркияда жүріп «Алланың мейірімділігін есіңе ал. Бір кезде жау болдың. Алла жүректеріңді татуластырып, бауыр етті» деген Құран жолдарын еске түсірмеу мүмкін емес. Меніңше, біз осы нәрседен бастауымыз керек», – деді Путин шетел мемлекеттерімен кездесу барысында.
Әрі қарай ол саммит кезінде Сауд Арабиясының мұнай өңдеу зауыттарына жасалған шабуылдардың талқыға салынбағанын айтты. Десе де бұл жағдайға қатысты Ресейдің ұстанған өз позициясы барын байқатты.
14 қыркүйек күні таңертең Сауд Арабиясының ұлттық мұнай компаниясының аумағында өрт болды. Ресми ақпаратқа сәйкес, өрт адамсыз ұшу аппараттарының шабуылы нәтижесінде басталған. Шабуыл үшін жауапкершілікті хуситтік йемендік көтерілісшілер өз мойнына алды.
Кейінірек Америка Құрама Штаты Иранды «әлемдік қуат көздеріне шабуыл жасады» деп айыптап, әлемдік қауымдастықты агрессияны айыптауға және Иранды жауапкершілікке тарту үшін барлығын жасауға шақырды. АҚШ сенаторы Линдси Грэм Иранның мұнай өңдеу зауыттарына шабуыл жасауды ұсынды.
Сурет: РИА Новости/Алексей Дружинин