Ресейде Kaspi Bank акционерінің Ресейдегі мүлкіне арест қойылды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
«Интерфакс» агенттігінің мәліметінше, Baring Vostok қорының негізін қалаушы, Kaspi Bank акционері Майкл Калвидің Ресейдегі барлық мүлкіне арест қойылды. Оның әйелі мен балалары тұрып жатқан пәтерлер де арестте.
Тек Калвидің емес, алаяқтық ісіне қатысы бар деген басқа да азаматтардың да мүлкіне арест қойылғаны белгілі.
Еске сала кетсек, 52 жастағы кәсіпкер Калви осы жылдың ақпанында қамауға алынған болатын. Тергеу материалдарына сәйкес, ол «Восточный» банкінен 2,5 миллиард рубль ұрлау үшін алаяқтық схема құрды деп айыпталуда.
Іс осы банктің директорлар кеңесінің мүшесі Шерзод Юсуповтың арызы бойынша қозғалған.
Калви біраз уақыт тергеу изоляторында отырды, кейіннен үйқамаққа ауыстырылды. Алайда тергеу айыпталушылардың әрекетінен қылмыстық әрекет таппады.
Ресейде 25 жыл бұрын құрылған «Бэринг Восток» қоры 3,7 миллиард доллардан астам капитал жинап, бірнеше елдегі 80-ге жуық жобаға, соның ішінде Қазақстандағы Kaspi Bank-ке инвестиция салған.
2018 жылғы 1 қазандағы мәлімет бойынша, «Бэринг Восток» қоры Қазақстандағы Kaspi Bank-тің 39,5 пайыз акциясына иелік етеді. Бұған дейін Kaspi Bank акционерлерінің бірі Михаил Ломтадзе америкалық кәсіпкердің қамалуының қазақстандық Kaspi Bank жұмысына әсері жоқ деп мәлімдеген.