Алакөлге лас су құйған «Көктем гранд» қонақ үйіне айыппұл салынады, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Хабар 24 сайтына сілтеме жасап.
Алматы облысы әкімдігінің ақпаратынша, көлді ластаған қонақ үйдің бассейнінен алынған сынамалар дайын.
«Оқиғаға байланысты Алакөлдің өзінен және демалыс орнының бассейнінен сынамалар алынды. Олардың нәтижелері ертең белгілі болады. Соған сәйкес, экологиялық заң нормалары бойынша шара қолданылатын болады, соның ішінде айыппұл да», – деді облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.
Еске сала кетсек, әлеуміттік желілерде Алматы облысындағы Алакөлге құбыр арқылы лас су құйылып жатқаны түсірілген видео жарияланған еді. Видео Ақши ауылында түсірілгені белгілі.
Кейін белгілі болғандай, Qoqtem Grand Resort бес жұлдызды қонақ үйінің директоры Алматы қалалық мәслихатының қазіргі депутаты және Мәслихаттағы «Нұр Отан» фракциясының жетекшісі екен Мұрат Әділханов екен.