Дүйсенбі, Қаңтар 25, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Қазақстан Басты жаңалықтар

«Алғысым шексіз»: Нұр-Сұлтанда полицей өртенген үйден нәрестені аман алып шықты

Жанар Сәдуақасқызы оқиғаның мән-жайын баяндап берді

Тамыз 15, 2019
Басты жаңалықтар, Қазақстан, Оқиға, Төтенше оқиғалар
«Алғысым шексіз»: Нұр-Сұлтанда полицей өртенген үйден нәрестені аман алып шықты
Поделиться на Facebook

Өрт кезінде батылдық танытқан полицейлер бір отбасыны ажалдан құтқарып қалды. Қызыл жалыннан аман-есен қалғандардың ішінде қырқынан жаңа шыққан нәресте бар, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі ҚР Ішкі істе министрлігіне сілтеме жасап.

12 тамызға қараған түні Нұр-Сұлтан қаласындағы тұрғын үй кешендерінің бірінен өрт шықты. Бұл кезде пәтер иесі Жанар Сәдуақасқызы 14 жастағы қызы мен қырқынан жаңа шыққан сәбиімен ұйықтап жатқан еді. Шошып оянған ол өртті байқаған бойда дереу өрт сөндірушілерге хабарласады. Күш алған өрттің ішінен өз беттерімен шыға алмайтынын түсінген әйел пәтердің есігін ашық қалдырып, балконға шығып, бар даусымен айқайлап көмек сұрайды.

«Вакцинациялаудан әлемде 700 мың адам көз жұмады — Билл Гейтс

«Жалақымыз зейнеткерден төмен»: Ақтөбеде мұнайшылар наразылыққа шықты

«Баламның аузын сулы матамен жауып, барынша терең демалуға тырыстым. Алайда, уақыт өткен сайын қара түтіннің ішінде дем алу қиындай түсті. Қасымда 14 жастағы қызым болды. Күйеуім Қарағандыдан келе жатқан еді. Бар ойым екі баламды құтқару болды. Қанша уақыт өткені белгісіз, бір мезетте үйге полицейдің кіріп келе жатқанын байқадым. Мен оларды шақырмаған едім, ол қайдан келді деп аң-таң болдым. Кейін анықталғандай, менің көмекке шақырған дауысымды естіп, көршілердің бірі полицияға хабарлаған екен.

Полиция қызметкері, ең алдымен, мені сабырға шақырып, ешқандай арнайы техникасыз бізді аман алып шықты. Сол сәтті ойласам, әлі өз-өзіме келе алмаймын. Алғысымды қалай жеткізерімді білмеймін. Дінмұхамед секілді тәртіп сақшыларының қатары көбейе берсін. Оның ержүректігінің, батылдығы мен кәсібилігінің арқасында аман қалдық. Оның серіктесі де рация арқылы жағдайды бақылауда ұстап, бағдар беріп тұрды. Біз осы екі полицейге мың алғыс білдіреміз», – дейді Жанар Сәдуақасқызы.

Өрт кезінде батылдық танытқан полицейлер – Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторлары полиция аға лейтенанты Дінмұхамед Масадықов пен полиция аға лейтенанты Ернат Ақанов екені кейін анықталды.

«Үйде кішкентай бала барын білген кезде, бар ойым сәбиді аман алып шығу болды. Өйткені үлкен адамдар өрт сөндірушілер келгенше шыдай алар еді, ал бөбектің аман қалуы екіталай. Қолымнан келгенін жасап, ең бастысы анасын сабырға шақырдым. Бәрінің дін аман шыққанына қуанамын», – дейді батыр сақшы Дінмұхамед.

Бөлісу206ТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

«Тоқал алып бергеннен тек ұтамыз»: Белгілі этнограф қазақ әйелдеріне кеңес берді

Келесі жаңалық

Тасмағамбетов қызметінен босатылды

ҰқсасЖаңалықтар

«Вакцинациялаудан әлемде 700 мың адам көз жұмады — Билл Гейтс
Денсаулық

«Вакцинациялаудан әлемде 700 мың адам көз жұмады — Билл Гейтс

Қаңтар 25, 2021
4
«Жалақымыз зейнеткерден төмен»: Ақтөбеде мұнайшылар наразылыққа шықты
Қазақстан

«Жалақымыз зейнеткерден төмен»: Ақтөбеде мұнайшылар наразылыққа шықты

Қаңтар 25, 2021
24
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қаңтар 25, 2021
105
Майғазиев: Осы «Сәкен ауырмайды екен да…» дегенді оқып жағамды ұстадым
Шоу-бизнес

Майғазиев: Осы «Сәкен ауырмайды екен да…» дегенді оқып жағамды ұстадым

Қаңтар 23, 2021
583
Әйел 5 айда қалай 40 кг салмақ тастағанын айтып берді
Денсаулық

Әйел 5 айда қалай 40 кг салмақ тастағанын айтып берді

Қаңтар 23, 2021
48
АҚШ тұрғыны лотореядан 1 млрд доллар ұтып алды
Әлем

АҚШ тұрғыны лотореядан 1 млрд доллар ұтып алды

Қаңтар 23, 2021
20
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
qaz.neonomad.kz

Тасмағамбетов қызметінен босатылды

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Майғазиев: Осы «Сәкен ауырмайды екен да…» дегенді оқып жағамды ұстадым
Шоу-бизнес

Майғазиев: Осы «Сәкен ауырмайды екен да…» дегенді оқып жағамды ұстадым

Қаңтар 23, 2021
583
Коронавирустан вакцина салған дәрігер өліп кетті
Денсаулық

Коронавирустан вакцина салған дәрігер өліп кетті

Қаңтар 8, 2021
1.8k
Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды
Әлем

Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды

Қаңтар 17, 2021
2.8k
Тынышталдыру үшін. Ер адам әкесінің жыныс мүшесін кесіп тастады
Әлем

Тынышталдыру үшін. Ер адам әкесінің жыныс мүшесін кесіп тастады

Қаңтар 23, 2021
583

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Вакцинациялаудан әлемде 700 мың адам көз жұмады — Билл Гейтс

Қаңтар 25, 2021
4

«Жалақымыз зейнеткерден төмен»: Ақтөбеде мұнайшылар наразылыққа шықты

Қаңтар 25, 2021
24

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қаңтар 25, 2021
105

Майғазиев: Осы «Сәкен ауырмайды екен да…» дегенді оқып жағамды ұстадым

Қаңтар 23, 2021
583

Әйел 5 айда қалай 40 кг салмақ тастағанын айтып берді

Қаңтар 23, 2021
48

АҚШ тұрғыны лотореядан 1 млрд доллар ұтып алды

Қаңтар 23, 2021
20
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.