Танымал блогер Айжан Байзақова Алматыда элиталы ауданнан жаңа пәтер сатып алды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.
Байзақова элиталы ауданнан 80 млн теңге тұратын пәтер алғанын айтып, оқырмандарынан көрімдік сұрады.
«Тадааааам мен өзіме пәтер сатып алдым! Көрімдік күтемін. Білесіздер ме, бір кездері еең болмағанда жеке өзіме бір бөлмелі пәтер сатып аламын деп ойламаған да едім.
Мұнда мен жақсы көретіннің бәрі бар: мейрамханалар көшесі, брендті дүкендердегі шопинг, Еуропадағыдай атмосфера! Жақында өзінің кинотеатры, балабақшасы болады! Бұл керемет! Қалаға барудың сәні болмағандықтан, көлікті сата беруге болады.
Бәрінен бұрын көршілерім менің таныстарым екені таңқалдырды. Ортақ чатта мені талқыламайды деп үміттенемін. Құттықтауларыңызды күтемін, енді алда ең қызығы – жөндеу жұмыстары басталады!», – деді Айжан.
Актрисаның бұл жаңалығына сенбейтіндер де табылды. Алайда оқырмандарының арасында құттықтау сөздерін айтқандар да аз болмады.
«Құттықтаймын!», «Өз пәтерің болған қандай жақсы!, «Жарайсыз!», – десті фолловерлер.