Танымал блогер Айжан Байзақова алғаш рет ұлының суретін көрсетті, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.
Ұлын осы уақытқа дейін көпшіліктен жасырып келген Айжан Байзақова өзінің ұстанымын неге өзгерткенін түсіндірді.
«Бүгін бір адамдар ұлымың туу туралы куәлігімен бірге суретін тауып алып, соны өздеріне сақтап алып, хайп жасамақ болды. Кімге жамандық істемексіз, маған ба? Оқырмандарды жинап алғыларың келді ме? Мінекей, енді сендер кімге қызық екенсіңдер? Қызық болмай қалдыңдар. Ал фотоларды өзіне алып алған адам ертең бұл ісі үшін өкінетін болады. Сендермен басқаша қалай күресеміз?», – деп жазды ол.
Байзақованың оқырмандары қолдау көрсетіп, жылы лебіздерін білдірді.
«Қарапайым бала, көп балалардың бірі, мына суретке түскенде тоңып қалмады ма», «Тәп-тәтті балапан, дені сау болсын», «Бақытты болыңыздар», «Адамдар хайпты қуып есінен алжасатын болған», «Біреудің баласын аңдымай, өз жөндеріңмен жүріңдер», «Жаным сол», «Көз тимесін», «Тәтті балақай», «Сізден аумай қалған әдемі», – деп жазды олар.