31 шілдеде Атырауда патрульдік полиция «Приора» көлігінің жүргізушісін тоқтатқан. Ол Ресей нөмірімен заң бұзушылықтар бойынша рекорд орнатқан, деп хабарлайды Neonomad.kz КТК арнасына сілтеме жасап.
«Кордон-М» радиолокациялық жүйесі жылдамдықты асырудың 43 фактісін тіркеген.
«Ақылды технологиялар соңғы екі айда заңбұзушылықтарды тіркеді. Дабыл түскеннен кейін, бейнебақылау жүйесінің операторлары көлікті қалалық автомобильдер ағынымен бақылап, жақын маңдағы патрульге бағыттады. Полиция құқық бұзушыға салынған айыппұлдардың жалпы сомасын шығарды. Бұл сома 782 750 теңге болды», – деп хабарлады Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жүргізуші егер бір аптаның ішінде қарызын өтесе, 50 пайыз жеңілдік қарастырылған. Айыптының көлігі айып тұрарғына орналастырылған.