Сейсенбі, Наурыз 2, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау

«Айына 1 000 доллар аламын: нұр-сұлтандық ұстаз жоғары жалақы иеленудің жолын айтты

Қыркүйек 30, 2019
Қоғам, Басты жаңалықтар, Қазақстан
«Айына 1 000 доллар аламын: нұр-сұлтандық ұстаз жоғары жалақы иеленудің жолын айтты
Поделиться на Facebook

Соңғы жылдары білім саласына бюджеттен қыруар қаржы бөлініп жатыр. Мұғалімдердің жалақысы да көтеріліп келеді. Мәселен, аттестациядан кейін айлықты 50 процентке дейін арттыруға болады. Осы орайда нұр-сұлтандық ұстаз айына қалайша 1 000 доллар алып жүргенін айтып берді, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап.

Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Шынар Берденова астанадағы мектепте айына қанша ақша табуға болатынын айтып берді.

Петропавлда үш жасар қызын ұрып өлтірген әйел 12 жылға сотталуы мүмкін

«Борат-2» фильмі «Алтын глобус» сыйлығына ие болды

70 проценттік үстемеақы қалай берілді?

Шынар Берденова №76 мектеп-гимназияда жұмыс істейді. Осыдан бес жыл бұрын Қостанай қаласынан ауысып келген. Сол жақта жүргенде «Назарбаев зияткерлік мектептері» автономды білім беру ұйымы мен Кембридж университетінің бірлескен бағдарламасына қатысып, кәсіби біліктілікті көтеруге арналған үш айлық курстан да өтті. Соның арқасында 30-100 проценттік үстемеақы алуға мүкіндік болған. Ол екінші деңгейден өтіп, 70 проценттік қосымша ақы алды.
«Әлі есімде, біз ол бағдарламаны желтоқсан айында бітірдік. Ал келесі жылы қаңтар айынан бастап айлығымызға 70 проценттік үстемеақы қосылды. Сонда бұрыңғы жалақымызға 50 мың теңгедей қосымша ақша берілді», – дейді Берденова.

Айтуынша, бұрынғы жерде бала саны да, сабақ уақыты да аз болды. Ал астанаға ауысқаннан кейін жүктеме көбейді. Жалақы да көтерілді.

«Қостанай қаласында ең көбі 24 сағат болды. Ал осы мектепке ауысқаннан кейін 36 сағатты алып отырмын. Бес жылдан бері солай жұмыс істеймін. Мен өзім жоғарғы санатты мұғалім болып келгенмін. Өткен жылы аттестацияны өтіп, шебер-педагог санатын алып шықтым. Тест тапсырдым. Жетістіктерім де осы санатқа сәйкес келді. Еңбек өтілім – 25 жыл», – деп атап көрсетті Берденова.

Осылайша, Шынар Берденова 45 жасында шебер-педагог атанды. Бүгінде 5, 10 және 11-ші сыныптарға сабақ беріп жүр. 36 сағаттың басым бөлігі жаңартылған білім мазмұны бойынша өтеді. Келесі жылы оған 11-сыныптар да қосылады.

Шебер-педагогтың жалақысы қанша?

«Негізі, жаңа білім мазмұнын балалар жақсы қабылдап жатыр. Енді, ең бастысы оқушыларды еш қиындықсыз жаңа бағдарламаға кіргізе білу керек. Ал біз шебер-педагог болғаннан кейін сан алуан әдіс-тәсілдерді іздейміз, қиындықты жеңуге тырысамыз. Сонда балалар бәрін тез түсінеді. Міне, еңбегімізге қарай үкімет те мұғалімдерді қолдап жатыр. Мен өзім ризамын», – дейді Берденова.

Шебер-педагог өзінің жалақысын да ашып берді. Оның қазіргі айлығы – 188 000 теңге. Аттестациядан кейін 94 000 теңгедей ақша қосылады. Бұдан бөлек, жаңа білім мазмұны үшін төленетін 30 проценттік үстемеақы тағы бар. Оның көлемі – 51 000 теңге.

«Сосын менің Кебридж бағдарламасы бойынша алатын 70 процентім бар ғой. Ол бес жылға есептелген. Биыл желтоқсан айында ол ақша тоқтайды. Дегенмен, осы жылы қосылып отырған ақша соны жабады екен. Сонда менде ешқандай минус болмайды. Жалпы, 380 000 теңгедей шығады. Сосын мен Абайтану кабинетін жүргіземін. Оған да 5 000 теңгеден астам ақша аламын», – деді Берденова.

Оның сөзіне қарағанда, жұмыс барысында қағазға, бояуға және тағы басқа кеңсе заттарына ақша шығарудың қажеті жоқ. Себебі барлығы мектептің өзі сатып алып береді. Соның арқасында жалақыны толығымен отбасыға жұмсауға мүмкіндік бар.

«Өз-өзіме есеп беріп отырамын»

«Осы кәсіпті таңдағаннан кейін біздің негізгі мақсатымыз – балаларға дұрыс білім беру, саналы ұрпақ тәрбиелеп шығару. Балалар алған білімін өмірде пайдалана білуі керек. Бұрын оқушы жай оқып, мазмұнымен ғана танысса, қазіргі жаңартылған білім мазмұнының бір жақсы жері сол, алған білімді қалай пайдаланамыз, белгілі бір жағдайға түссек, одан шығу жолдары қандай және тағы басқа мәселелерді шешіп, жеке қарым-қабілетті шыңдайды», – дейді шебер-педагог.

Бұдан бөлек, мұғалім бұрынғыдай біржақты білім берумен шектелмейді, балалармен сұхбаттасып, өзара пікір алмасады, ойын тыңдайды. Сөйтіп, балаларға жақын болады.

«Мен өзім сабақтан кейін үйіме бара жатқанда, немесе, бос уақытта өз-өзіме есеп беріп отырамын. Бүгін балаларға не үйреттім? Педагог ретінде оларға не бердім? Ол да керек нәрсе екен. Сосын бізде балалардың жетістіктеріне қарай сыйақы беріледі. Бұл да жақсы мотивация. Мысалы, 60 мың теңгеге дейін сыйақы алуға мүмкіндік бар», – деп атап көрсетті Берденова.

Отбасылық мамандық

Шебер-педагог 25 жыл бұрын болған отандық білім саласын да еске алды. Оның айтуынша, бас кезінде өте ауыр болды. Қазақ тілі мұғаліміне сұраныс та төмен болған. Бүгінде жағдай түбегейлі өзгерді. Шынар бұрынғы қиыншылықтарға қармастан, өз таңдауын өзгерткен жоқ.

«Әрине, адамның өзіне жасап алған жағдайынан шығып тұрғаны да дұрыс. Бірақ маған осы мұғалімнің жұмысы қатты ұнайды. Жолдасым да тарих пәнінің мұғалімі. Үш ұлым бар. Үйленген бір ұлым – ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, келінім де мұғалім. Ең кіші ұлым да мұғалімнің жолын қалап отыр. Осылайша, мұғалім отбасылық мамандығымызға айналып отыр», – деп түйіндеді сөзін Берденова.

Сурет: Арман Асқар

БөлісуТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

Біреуінің әкесі өз күйеуі болып шыққан: Суррогат ана 14 бала босанды

Келесі жаңалық

Салық төлемей жүрген 100 адамның аты-жөні жарияланды

ҰқсасЖаңалықтар

Петропавлда үш жасар қызын ұрып өлтірген әйел 12 жылға сотталуы мүмкін
Басты жаңалықтар

Петропавлда үш жасар қызын ұрып өлтірген әйел 12 жылға сотталуы мүмкін

Наурыз 1, 2021
99
«Борат-2» фильмі «Алтын глобус» сыйлығына ие болды
Әлем

«Борат-2» фильмі «Алтын глобус» сыйлығына ие болды

Наурыз 1, 2021
24
Әке-шешесі 12 жасар қызын әйелдікке сатып жіберді
Әлем

Әке-шешесі 12 жасар қызын әйелдікке сатып жіберді

Наурыз 1, 2021
103
Нұр-Сұлтанда краншылар жалақысын 800 мыңға дейін көтеруді талап етті
Басты жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда краншылар жалақысын 800 мыңға дейін көтеруді талап етті

Наурыз 1, 2021
7
Сайрамдық азамат досына арақ ішкізіп, арам ойын іске асырды
Басты жаңалықтар

Сайрамдық азамат досына арақ ішкізіп, арам ойын іске асырды

Наурыз 1, 2021
26
Қазақстан халқына ең аз жалақы төлейтін елдер арасында көш бастады
Басты жаңалықтар

Алексей Цой: Дәрігерлердің орташа жалақысы 2023 жылы 561 000 теңгені құрайды

Наурыз 1, 2021
19
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
qaz.neonomad.kz

Салық төлемей жүрген 100 адамның аты-жөні жарияланды

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

«Мен адаймын!» деп айқайлаған ер адам жерде жатқан азаматты ұрып тастады (видео)
Қылмыс

«Мен адаймын!» деп айқайлаған ер адам жерде жатқан азаматты ұрып тастады (видео)

Қаңтар 14, 2021
6.2k
Семейде қолында баласы бар әйелді ұрып-соққан ер адам видеоға түсіп қалды
Қылмыс

Семейде қолында баласы бар әйелді ұрып-соққан ер адам видеоға түсіп қалды

Ақпан 3, 2021
4.2k
Түркістанда әйел мен 4 баласы тірідей жанып кетті: Оқиғаның мән-жайы
Санаты жоқ

Түркістанда әйел мен 4 баласы тірідей жанып кетті: Оқиғаның мән-жайы

Ақпан 28, 2021
420
Алматы қаласында жүк көлігі жер астына түсіп кетті
Санаты жоқ

Алматы қаласында жүк көлігі жер астына түсіп кетті

Наурыз 1, 2021
139

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Петропавлда үш жасар қызын ұрып өлтірген әйел 12 жылға сотталуы мүмкін

Наурыз 1, 2021
99

«Борат-2» фильмі «Алтын глобус» сыйлығына ие болды

Наурыз 1, 2021
24

Әке-шешесі 12 жасар қызын әйелдікке сатып жіберді

Наурыз 1, 2021
103

Алматы қаласында жүк көлігі жер астына түсіп кетті

Наурыз 1, 2021
139

Нұр-Сұлтанда краншылар жалақысын 800 мыңға дейін көтеруді талап етті

Наурыз 1, 2021
7

Сайрамдық азамат досына арақ ішкізіп, арам ойын іске асырды

Наурыз 1, 2021
26
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.