Алматы қаласының тумасы, дәрігер Шыңғыс Тулегенов үш жылдан бері Канадада тұрып, өзінің мамандығы бойынша жұмыс жасап келе жатыр. Өзінің берген сұхбатында дәрігерлердің жалақысы мен олар үшін жасалатын жағдайлардың жер мен көктей екенің айтты, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Шыңғыс 2003 жылы Алматы қаласының медицина университеттін бітірген. Қазір ол 38 жаста. Көбінесе анестезиолог болып жұмыс жасаған.
«2010 жылы №4 қалалық клиникада жұмыс жасау бұйырған еді, бірақ ол жерде 4 айдан артық жұмыс жасай алмадым. Бұған себебтер өте көп. Есімде, бір күні туберкулезбен ауыратын адамды арнайы палатаға жатқызбай, марлімен хлорканы жуып, іліп қойды. Өзімнің өмірім үшін қатты қорықтым, себебі әйелім мен балам бар. Жалақым айына небәрі 75 мың, медициналық жағдай өте төмен», – деп еске алады Шыңғыс
Канадаға көшу туралы шешімді 2015 жылы қабылдаған. Канадада экзамен тапсырып, дәрігердің көмекшісі болып жұмыс жасады. Шыңғыс Қазақстандағы жақын адамдар мен ұлттық дәстүрлерін сағынса да, қайтып оралғысы келмейтінін жасырмайды.