Қазақстан Тұңғыш президентінің немересі Айсұлтан Назарбаев өзіне қол жұмсамақ болған. Бұл ақпарат расталды. Белгілі болғандай, ол Ковент-Гарден ауданындағы белгісіз біреудің үйінде өмірімен қоштаспақ болыпты. Оны құтқарғысы келген полиция қызметкерін тістеп алған, деп хабарлайды Neonomad.kz РБК арнасына сілтеме жасап.
CourtNews.uk газеті жариялаған ақпаратты Скотленд-Ярд растады.
Басылымның мәліметінше, 5 маусымда Айсұлтан Назарбаев өзіне қол жұмсамақ болған. Сол кезде кедергі жасаған полиция қызметкерін ол тістеп алған.
«Қазақстан тарапы болған оқиғаны ресми растамады. Тіпті британдық басылымдар ешқандай ақпарат жарияламаған. Бірақ бұл әлеуметтік желілерде тұрлі әңгімелердің тарауына бөгет емес», – деп жазды 3 шілдеде 365info.kz интернет басылымы.
Сол күні қазақстандық Zakon.kz сайты «тәуелсіз журналистерге» сілтеме жасап оқиғаның басқа нұсқасын жазды. Олардың мәліметінше, «Строгий агашка» телеграм-каналында болған жайтты Айсұлтан Назарбаевтың досы әрі куәгердің өз айтып беріпті.
Белгісіз респонденттің сөзінше, оның қызы қиын жағдайға тап болған. Ол сол пәтерде кілтін ұмытып қалдырған. Айсултан Назарбаев болса досының қызына көмек бергісі келіп, балкон арқылы пәтерге кірмек болған. Оны көрген көршілер полиция шақырған, бірақ азиаттардың түсініктемесіне ешкім құлақ аспаған.
«Ол тек пәтер иесіне көмек бергісі келгенін, және пәтер иесінің оған ешқандай шағымы жоқтығын Айсұлтан екеуміз түсіндірмек болдық, бірақ полиция ол әрекетімізді «билікке қарсылық көрсетті» деп қабылдады. Аяғында іс қылмыстық сотқа жіберілді», – дейді анонимді дерек көзі.