Танымал әнші Қайрат Нұртас әйеліне қатысты бұрын-соңды еш жерде жария етпеген деректі бөлісті. Келіншегі Жұлдыз Әбдікәрімова Қарақалпақстанда дүниеге келіп, балалық шағы Алматы қаласында өткен екен, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі «Megaline» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Әнші Қарақалпақстан елінде концерт қойып, аталған елдің телеарнасына сұхбат берді. Сұхбат кезінде әйелінің аталған елдің тумасы екенін айтты.
«Менің әйелім осы Қарақалпақстан елінен. Осында туып, Алматыда өскен. Ұлты – қазақ. Яғни мен Қарақалпақстанға күйеумін», – деді ол.
Қайрат Нұртас аталған елге 10 жыл бұрын да келген.
«10 жыл бұрын әлі Қайрат болмай тұрғанымда, танылмай тұрғанымда Қарақалпақстанға келдім. Дегенмен мені құрметпен қарсы алып, қошемет көрсеткеніне риза болдым», – деді әнші.