Сәрсенбі, Сәуір 14, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау

Қайрат Әділгерей: Әйеліме досым екеуміз ғашық болдық, соңынан 8 жыл жүгірдім

Тамыз 25, 2020
Шоу-бизнес, Қазақстан, Қоғам
Қайрат Әділгерей: Әйеліме досым екеуміз ғашық болдық, соңынан 8 жыл жүгірдім
Поделиться на Facebook

Әзілкеш, актер Қайрат Әділгерей мен жары Бақыт Тұрман неке сыры жайлы айтып, отбасылық қызықтарын бөлісті. Әзілкеш мектеп жасынан бастап ғашық болған жарына қалай қол жеткенін баяндап берді. Бұл туралы «Неке сыры» бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

Қайрат Әділгерей мен Бақыт Тұрман ең өнерлі әрі көңілді отбасы. 14 жыл бұрын отасқан жұп отбасылық қызықтарын баяндады.

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды

«Мен Бақытты алғаш ол біздің мектепке келгенде көрдім. Ол кезде Бақыт 7-сынып оқитын. Сол кезден бастап ғашық болдым. Ол мектеп-интернатта ән айтты. Мектептің гүлі болды. Менен екі жас кіші еді. Бастапқыда маған қарамай жүрді. Кейін үш күн жүргеніміз бар. Одан кейін меп мектеп бітіріп, Алматыға оқуға түсіп кеттім. Сол аралықтарда хат жазып, хабарласып тұрдым. Оны ұмытқан жоқпын. Курстастарыма осындай қызым бар деп айтып жүретінмін. Кейін оқуға келгенде қасында болдым. Ол Алматыға келгенде бірге қол ұстасып жүре бастадық», – деді Әділгерей.

Оның бала махаббатына деген сезімі жайлы достары мен курстастары да біледі.

«Достарына мен туралы айтады екен. Алматыға келгенде маған ұсыныс айтты. Жауабыңды айт деді. Не жөніме жібер деді. Мен оған бауыр басып қалыппын. Оған кет дей алмадым. Солай 1 жыл жүрдік. Келесі жылы отбасын құрдық. Бастапқы жылдары түсінбестік көп болды. Көп жыладым. Көп еркеледім», – деді Бақыт Тұрман. 

Қайраттың өте мейірімді, ешкімге арам ойы жоқ екенін оның достары, енесі мен әріптестері растайды. Енесі тұңғышы Бақыттан ақыл сұрап, не нәрсе болсын кеңес алып отыратынын мойындады.

«Қайрат маған балам сияқты. Оны бала күнінен білемін. Ол да мектепте белсенді болды. Мектептегі іс-шараларды басқарып, өлең оқып, ән айтып жүретін. Жақсы араластық. Сол кездің өзінде қандай мәселе болсын Бақыттан сұрайтынмын. Үй шаруасына қатысты болсын Бақытпен ақылдасатынмын. Қайраттың Бақытқа жазған хаттарын да оқығанмын. Олар өз еркімен бас қосты. Мен қарсылық білдірген жоқпын. Қазіргі отбасын көріп, шүкір деймін», – деді Гүлшара Ермұханова.

Қайрат жарының ақшаға қатты адам екенін айтып, көрермендерін күлдірді.

«Бірде Алматыға Бақыт жаңа келген жылдары мен таяқпен жүретінмін. Жол апатына түсіп,  аяғымды сылтып басып жүрдім. Өзімде көп ақша болған жоқ. Бақытты таксимен шығарып салып жүрдім. Бір күні 70 теңгем ғана қалды. Барар жерім алыс. Автобус тоқтап қалған. Ұят болса да Бақыттан сұрайын дедім. Жағдайымды айттым. Сөйткенде Бақыт 70 теңге берді. Солай ақсаңдап, Саяхатқа 2 сағат жүріп таяқпен келіп, әрі қарай 150 теңгеге такси ұстағанмын», – деді әзілкеш.

Қайрат отбасында көп ұрыс болмайтынын алға тартты. Алайда ұрысқан сәтте кінәлі болмаса да өзі кешірім сұрайтынын айтады.

«Менің де мінезім бар. Бірақ тез қайтады. Ұзақ ашуланып жүрмеймін. Гүлімді алып, кешірім сұрай саламын. Кінәлі болмасам да сөйтемін. Себебі әйелім менің балаларыма қарап, үй шаруасын реттеп отырған адам. Еркектің отбасында гармония болса, ұрыс-керіс болмаса, ол алаңдамастан қоғам ісіне араласады. Көңілі тыныш болады. Сондықтан оның артында ақылды әйел тұру керек. Ақылды әйелге бәрін тапсыру керек. Бір-бірін тыңдай білу керек. Әйелге комплимент көп айту керек. Көңіл бөлу керек», – деді ол.

Айтуынша, әйел заты барлық адамға, барлық іске бейім келеді. Ал ер адам идеяны жүзеге асырушы. Әйел оған қолғанат болып, демеу беру керек. Сонда ғана отбасы бұзылмай, шаңырағы берік болады деген кеңесін айтты.

БөлісуТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

«Өте сұлу болғандықтан бәрі қарайды»: Ер адам әйелін әдемі болғаны үшін өртеп жіберді

Келесі жаңалық

«Бекшин, мен мектепке барғым келеді»: Алматылық оқушылар флешмоб жасап, наразылық білдірді

ҰқсасЖаңалықтар

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)
Әлем

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Наурыз 5, 2021
833
Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды
Басты жаңалықтар

Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды

Наурыз 5, 2021
792
«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді
Әлем

«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді

Наурыз 5, 2021
932
«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді
Әлем

«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді

Наурыз 5, 2021
1.1k
Астанада құрсақтағы сәбиі шетінеген әйелді ауруханаға жатқызбай қойған
Денсаулық

Астанада құрсақтағы сәбиі шетінеген әйелді ауруханаға жатқызбай қойған

Наурыз 5, 2021
59
Асқар Жұмаділдаев: Адамның өз үйі, жалақысы, жауапкершілігі болса, махаббаты баяндырақ болады
Басты жаңалықтар

Асқар Жұмаділдаев: Адамның өз үйі, жалақысы, жауапкершілігі болса, махаббаты баяндырақ болады

Наурыз 5, 2021
373
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
«Бекшин, мен мектепке барғым келеді»: Алматылық оқушылар флешмоб жасап, наразылық білдірді

"Бекшин, мен мектепке барғым келеді": Алматылық оқушылар флешмоб жасап, наразылық білдірді

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді
Әлем

«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді

Наурыз 5, 2021
1.1k
Цифрлық технологиялар өмір сүру деңгейін жақсартады
Технологиялар

Цифрлық технологиялар өмір сүру деңгейін жақсартады

Мамыр 19, 2020
915
«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді
Әлем

«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді

Наурыз 5, 2021
932
Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)
Әлем

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Наурыз 5, 2021
833

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Наурыз 5, 2021
833

Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды

Наурыз 5, 2021
792

«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді

Наурыз 5, 2021
932

«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді

Наурыз 5, 2021
1.1k

Жамбылда күйеу бала қайын жұртының соғымын ұрлап кеткен

Наурыз 5, 2021
132

Астанада құрсақтағы сәбиі шетінеген әйелді ауруханаға жатқызбай қойған

Наурыз 5, 2021
59
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.