Танымал әнші балаларымен кездесуге уақыт таппай жүргенін айтты, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі ShowNews.kz сайтына сілтеме жасап.
Жұлдызды жұмысын кінәлаған Айқын неліктен балаларымен кездеспей жүргенін түсіндіріп, ақталды. Фильм түсіріп, түрлі шараларға қатысып, жеке шығармашылығын дамытып жүрген әнші отбасы мәлесіне барынша уақыт табуға тырысуда.
«Кездесуге уақыт жоқ. Жұмыстармен жүремін әрқашан, қасымда жүргеннен кейін өзіммен ертіп жүремін» , – деді ол үлкен ұлы Ансар туралы.
Әнші тұңғыш ұлын үнемі қасына алып жүреді. Бірақ қанша еркелеткенімен, оқудағы үлгеріміне қаталдық танытады екен. Мәселен, белгілі фильмнің премьерасына Аңсар оқулықтарын құшақтай келген.
Сонымен қатар, Айқын тұңғышын өнерге баулуға қатысты пікір білдірді.
«Рөлдерін жақсы сомдайды. Өзімнің кинома рөл берейін деп жатырмын. Көреміз енді. Бірақ, өнерге баулитын мақсат жоқ. Өзіне қызық болып тұр. Қасымда жүре берсін. Жүрген жерімізде сабақ оқып жүреміз» , – деді ол.