Сейсенбі, Сәуір 20, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау

Air Astana бортсерігі төсін үлкейтпек болған: Екі бірдей қыздың өліміне кінәлі хирург ұсталды

Тамыз 21, 2019
Санаты жоқ, Басты жаңалықтар, Қазақстан, Қылмыс, Оқиға
Air Astana бортсерігі төсін үлкейтпек болған: Екі бірдей қыздың өліміне кінәлі хирург ұсталды
Поделиться на Facebook

Алматыда қыздың өліміне кінәлі деген күдікпен пластикалық хирург қамауға алынды. Дмитрий Писарев бұған дейін бір әйелге ота жасап, өлтіріп алған болатын, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Сот кінәлі деп тапса да, сол жолы темір тордан тез құтылған дәрігер енді екінші адамның өліміне кінәлі деп айыпталып жатыр. «Эйр Астананың» бортсерігі Лаура Ізбасарова оған төсін тартқызғысы келген. Қыздың өлімінен соң, сот дәрігерді біржолата лицензиясынан айырған. Бірақ соған қарамастан, Писарев бүгінге дейін шымкенттік қыз-келіншектерге ота жасап келген.

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды

Лаура Ізбасарова «Эйр Астананың» 6 тілде сөйлейтін ең белді бортқызметкері болған. Сұлу бойжеткен былтыр қазанда пластикалық ота кезінде көз жұмды. Содан бері анасының әділдік сұрап, бармаған жері жоқ.

«Ешнәрсе болған жоқ. Маған тергеуші де жоқ. Ешнәрсе деген жоқ. Яғни тергеу болған жоқ. Менің сұрайтыным, тек заңды түрде жазасын алсын. Ол қаншама адамның өмірін қияды. Маған ұқсаған аналар жылап қалмасын деп шырылдап жүрмін”, – дейді марқұмның анасы Дамира Алдамжарова.

«Эйр Астана» бортсерігінің өлімінен соң сот атышулы хирургті лицензиясынан айырған. Әрі тергеу аяқталғанша қаладан кетуіне тыйым салыпты. Бірақ соған қарамастан Дмитрий Писарев Шымкент асқан. Сөйтіп, сүйікті ісін сонда жалғастырған. Тіпті, шетелде демалып қайтыпты. Шымкенттік қыз-келіншектердің қас-көзін түзеген хирург суреттерін оңды-солды әлеуметтік желіде салып жүр. Соңғы отасын небәрі 5 күн бұрын жасаған екен. Яғни, әйелдің ернін үлкейтіп, тігіп берген. Осылайша, он ай бойы тайраңдаған дәрігерді тергеушілер ақыры Алматыға қайтарды.

«Аталған дәрігер қамауға алынған болатын. Сот алды тергеу барысында ол бұлтратпау шарасы ретінде қамалды. Алғашында ол екі айға қамалады. Содан соң ұзартылуы мүмкін”, – деді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Лаура Ізбасарованың өліміне жекеменшік клиника да жауап беруі тиіс деп есептейді қара жамылған отбасының адвокаты. Айтуынша, жанжалдан соң клиника жабылмаған. Тек атауын өзгертіп қойған.

«Марқұм Лаура Ізбасарова ота жасатқан «Нова» клиникасы басшылығының да жауапкершілігі қарастырылып жатыр. Соған орай, бірнеше сараптама тағайындалды. Соның қорытындысы бойынша медициналық мекеме қожайыны да сотқа шақыртылады», – деді адвокат Сұңқар Нұрмағамбетов.

Дмитрий Писарев бұған дейін де бір келіншекке ота жасап, соңы қайғылы аяқталған. Дана Агамырданова оған артық майын алдырту үшін Украинадан арнайы келіп, мәйітханадан бір-ақ шыққан болатын. Сот хирургті тек екі жылдан соң кінәлі деп тапты. Десе де, істің ескіруіне байланысты артынша сот залынан босатып қоя берді. Темір тордан оңай құтылған хирургтің енді бұл жолы кінәсі дәлелденсе, 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруы мүмкін.

Бөлісу1ТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

«Еркектер әйелдерін бір-біріне сыйлайтын»: Сириядан оралған қазақ қыздың әңгімесі

Келесі жаңалық

73 талаптың 63-і сақталмаған: Шымкенттегі университеттің былығы әшкере болды

ҰқсасЖаңалықтар

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)
Әлем

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Наурыз 5, 2021
986
Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды
Басты жаңалықтар

Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды

Наурыз 5, 2021
940
«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді
Әлем

«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді

Наурыз 5, 2021
1.1k
«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді
Әлем

«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді

Наурыз 5, 2021
1.3k
Жамбылда күйеу бала қайын жұртының соғымын ұрлап кеткен
Санаты жоқ

Жамбылда күйеу бала қайын жұртының соғымын ұрлап кеткен

Наурыз 5, 2021
139
Астанада құрсақтағы сәбиі шетінеген әйелді ауруханаға жатқызбай қойған
Денсаулық

Астанада құрсақтағы сәбиі шетінеген әйелді ауруханаға жатқызбай қойған

Наурыз 5, 2021
63
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
73 талаптың 63-і сақталмаған: Шымкенттегі университеттің былығы әшкере болды

73 талаптың 63-і сақталмаған: Шымкенттегі университеттің былығы әшкере болды

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді
Әлем

«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді

Наурыз 5, 2021
1.3k
Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)
Әлем

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Наурыз 5, 2021
986
«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді
Әлем

«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді

Наурыз 5, 2021
1.1k
Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды
Басты жаңалықтар

Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды

Наурыз 5, 2021
940

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Наурыз 5, 2021
986

Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды

Наурыз 5, 2021
940

«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді

Наурыз 5, 2021
1.1k

«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді

Наурыз 5, 2021
1.3k

Жамбылда күйеу бала қайын жұртының соғымын ұрлап кеткен

Наурыз 5, 2021
139

Астанада құрсақтағы сәбиі шетінеген әйелді ауруханаға жатқызбай қойған

Наурыз 5, 2021
63
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.