Бас прокуратурада басшы қызметін атқарған Кексельге қатысты тергеу тоқтатылды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Қайрат Қожамжаровқа сілтеме жасап.
Кезінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бұрынғы басшысы және бұрынғы бас прокуроры болған Қайрат Қожамжаровтың мәліметінше, Олеся Кексельдің ісі қылмыс құрамының жоқтығына байланысты тоқтатылды.
«Арыз екі ай бұрын келіп түскен. Сенбі күні оған қылмыс құрамының жоқтығы себепті іс тоқтатылғаны хабарланды. Қазір шу шығып кетті, қайта қаралуы да мүмкін. Ондай ақпарат болған. Кексельдің өзіне тергеуші хабарласып, қылмыс құрамы жоқ, іс жабылды деген», – деді сенат депутаты.